Шымкентте белгісіз азамат дәмхана қызметкерін соққыға жықты
Шымкенттегі дәмханалардың бірінде ер азамат мекеме қызметкерін соққыға жықты. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз жігіттер ұялы телефонды саудалау үшін кафеге баса-көктеп кірген. Ғимараттан шығып кету туралы қызметкердің өтінішіне құлақ аспаған олар, алдымен сөзбен ерегісіп, соңынан жұдырық жұмсаған. Қалалық полиция департаменті бұл жәйт туралы жазбаша мәлімдемемен ғана шектелді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша қазір болған оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы жасалуда. Оның нәтижесі он күннен кейін мәлім болады. Тек содан кейін ғана жәбірленушінің алған жарақатының ауыр-жеңілдігіне байланысты жауапты азаматқа шара көретін боламыз делінген баспасөз хабарламасында.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12