Майқайыңдағы апатқа кінәлі жеті адам анықталды
Майқайыңдағы апаттың нақты себебін тексеріп жатқан комиссия кінәлі адамдардың атын жариялады. Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген. Қазір тергеуші 7 адамнан жауап алып жатыр. Апаттың себебі де айтылды. Дерекке қарағанда, тау-кен жұмыстарын ұйымдастыру барысында қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Бұрынғы қазылған жерлер опырылады деген қауіп қаперге алынбаған. Қазір кәсіпорындағы барлық шахталарда жұмыс тоқтап тұр. Ал опырылған ойыққа түсіп кеткен автобус пен ондағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін көмекке Қарағандыдан арнайы кинологиялық қызмет келді.
Данияр Андасов, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департамент басшысы:
Комиссия өндірістегі жұмыс дұрыс ұйымдастырылмаған деген шешімге келді. Бұл "Майқайыңалтын" кен байыту комбинатының жауапты тұлғаларының кінәсі. Бақылауға салақ қараған. Құжаттарда қателік бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19