Түркияның Малатия қаласында жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның Малатия қаласында жер сілкінді

26.01.2024

Түркияның оңтүстік шығысындағы Малатия қаласында жер сілкінді. Кеше кешке болған дүмпудің қуаты 5,2 балл. Жер сілкінісінің ошағы Баттал Гази ауданында, 13,9 шақырым тереңдікте екені анықталды. Дүмпуден үрейленген қала тұрғындары көшелер мен алаңдарға қашып шығып, бірнеше сағат бойы далада жүрді. Жер сілкінісі көршілес қалаларға да сезілген.

Елдің Ішкі істер министрінің хабарлауынша, бірнеше ғимаратта жарық пайда болған. Ал жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Былтыр Түркияда болған алапат жер сілкінісінде осы Малатия қаласында да мыңдаған адам қайтыс болған еді.

Айдос Әшім


Хабарламаларға жазылу