Түркияда 9 ғимарат құлатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 9 ғимарат құлатылды

19.09.2023

Түркияның Малатия қаласында зілзаладан зақымданған 9 үй құлатылды. 15-қабатты ғимараттарды жермен-жексен етуге 1660 келі жарылғыш зат қолданылған. Еске салайық, ақпан айындағы зілзалада жүздеген ғимарат бірнеше секунд ішінде құлап қалған еді. Соның салдарынан 50 мыңнан астам адам қаза тауып, ел экономикасына 50 миллиард доллардан астам шығын келді.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу