Түркістан облысында шаруалар қырыққабат егуді бастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шаруалар қырыққабат егуді бастап кетті

25.01.2024

Оңтүстікте көкеніс егу басталып кетті. Түркістан облысының диқандары қаңтардың жылы болуын пайдаланып, қырыққабат егіп жатыр. Келес ауданында шаруалар көкөністің ерте өнім беретін түрінің көшеттерін отырғызуда. Мұндағы диқандар жыл он екі ай еңбек етіп, ашық алқаптан 2 - 3 өнім алуды жолға қойған. Қырыққабатты сондай-ақ, мақтааралдық диқандар да жаппай егуде. Аудан бойынша 160 гектар жерге қырыққабат көшеті отырғызылған.

Бүгінде егістік алқаптартардағы жұмыстарға 70-тен астам бригада мен 4 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Шаруалар қырыққабаттың «Галикан» және «Ринда» сияқты сорттарын егуде. Себебі көкністің бұл түрі 2 айдың көлемінде пісіп жетіледі. Айта кетейік, ерте пісетін қырыққабат өніміне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу