А.Балаева: БАҚ пен әлеуметтік желілер жұмысының жаңа алгоритмі ұсынылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

А.Балаева: БАҚ пен әлеуметтік желілер жұмысының жаңа алгоритмі ұсынылмақ

25.01.2024

Мәдениет және ақпарат министрлігі жақын арада төтенше жағдайлар кезінде БАҚ пен әлеуметтік желілер жұмысының егжей-тегжейлі алгоритмін ұсынбақ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Министрдің сөзінше, Алматыда болған жер сілкінісі сенімді және дер кезінде жеткізілетін ақпараттың маңыздылығын дәлелдеп, төтенше жағдайлар мен басқа да оқыс оқиғаларда бұқаралық ақпарат құралдарының шешуші рөлін тағы да айқындады. Енді жауапты министрліктер мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен, БАҚ қызметкерлері үшін бірқатар оқу тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу