Коронавирустан қорғанудың жаңа алгоритмі жасалды

30.06.2020

Бүгін онымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таныстырды. Оның сөзінше, ескі тәсілдегі кем-кетіктер түгелімен екшеліп, жетілдірілген. Алексей Цой індетті анықтау ендігі жерде қиынға соқпайтынына сендіріп отыр. ПТР-тестілер артығымен алынып, сырқат жандардың жылдам сауығуына да қолайлы жағдай жасалатынын айтты.

Жан сақтау бөлімшелері мен интенсивті терапия палаталары ашылып, өкпені жасанды желдету аппараттары қойылады. Қазір аппараттардың жалпы саны – 3 294. Кейінгі айда 978 аппарат сатып алынды. Оған қосымша тағы 1 мың данасы алынады. Ал коронавирустан қайтыс болғандарды енді кез-келген зиратқа жерлеуге болады. Тек санитарлық- эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуы тиіс. Инфекциядан көз жұмғандарды жерлеу ережелері өзгергенін мәлімдеді министр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу