Әлеуметтік желілер арқылы танымал болғандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желілер арқылы танымал болғандар

30.01.2015
Әлеуметтік желілер арқылы танымал болғандар

Әлеуметтік желілер арқылы танымал болғандар арамызда баршылық. Солардың бірі – Instagram әлеуметтік желісі арқылы суретші атанған Шалқар Аханов. Оның өзгелерден ерекшелігі – тек өнер жұлдыздарының портреттерін салуында. Ал, талантты жасты  танымал қылған қазақ эстрадасы жұлдыздарының жазбалары.

«Жұлдыздардың суретін салуға алғаш түрткі болған, өмірде, өнерде бірге жүрген достарым, жас актерлер Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген. Өздері бұрын да «менің портретімді салып бер», деп жүретін. Содан екеуінікімен қоса, Төрағали Төреәлінің де бейнесін салып, әлеуметтік желіге жариялағаным сол еді, басқалардан да ұсыныс көбейе түсті. Менің де қызығушылығым артты. Ал, ең алғаш репост жасап, жариялаған Баян Есентаева еді»,-дейді суретші.

Бүгінде Шалқардың портреттеріне сұраныс өте жоғары. Бір қызығы, суретші туындыларын сатпайды әрі ешкімге бермейді. Тек интернет арқылы көрерменге ұсынады.

Ал, музыкалық білімі жоқ Марат Тынышқалиев бүгінде көрермендері өте көп жандардың бірі. Оның «YouTube»-те мыңнан астам көрермені бар.

«Мен кәсіби музыкант емеспін. Мамандығым да бөлек. «YouTube»-тің арқасында болар, мені қазір түрлі мерекелік кештерге шақырады»,-дейді жас әнші.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу