Аяқ киімнің бағасы бір жылда 6,3%-ға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяқ киімнің бағасы бір жылда 6,3%-ға өсті

27.05.2021

Аяқ киімнің бағасы бір жылда 6,3%-ға өсті. Әсіресе балалар аяқ киімі қымбаттап, құны 8,5%-ке көтерілген. Тауар Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында біраз қымбаттады. Ішкі нарықта аяқ киімге сұранысты әдеттегідей импорт қамтамасыз етіп отыр. Биыл сәуірге дейін шетелден жеткізілген аяқ киімнің үлесі үш есеге дейін артқан. Ал елде 550 мыңнан аса аяқ киім шығарылған. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап кәсіпкерлер импорттық аяқ киімге цифрлық таңбалау енгізуге міндетті. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу