Қостанай облысында қызылша азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қызылша азаймай тұр

23.01.2024

Қостанай облысында қызылша азаймай тұр. Қаңтар айы басталғалы індет 100 адамнан анықталған. Олардың дені-бала. Мамандар, індеттің өршуіне ата-аналардың балаларына екпе жасатпауы себеп, - дейді. Дегенмен, ел бойынша қаңтардың соңғы үш аптасында/ аурудың төмендеуі байқалады. Қызылша жұқтырғандар саны өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда, ел бойынша 8%-ға төмендеді, - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


Хабарламаларға жазылу