Майқайыңдағы автобус апаты: Екінші экскаватор түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайыңдағы автобус апаты: Екінші экскаватор түсірілді

20.01.2024

Бүгін Майқайың шұңқырына екінші экскаватор түсірілді. Шыңырауға құлаған автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздеу жұмыстары басталғалы 16 күн өтті. Әзірге нәтиже жоқ. Жоғарыдан сусыған құм опырылған ойық табанындағы жұмыстарға қатты кедергі келтіріп отыр. Оның үстіне автобус жатқан жердің асты шұңқыр болуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан құтқарушылар өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 4-ші қаңтарда «МайқайыңАлтын» кен байыту фабрикасына қарасты шахта аумағындағы көлік жолы опырылып кетіп, 4 адам отырған автобус шыңырауға құлаған болатын. Опат болған екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Жедел штаб жұмыс істеп тұр. Апат себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу