Қазақстанда әр бесінші адам мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олардың еңбек нарығындағы үлесі – 20 пайыздан асады. Көпшілігі солтүстік, орталық және оңтүстік өңірдің тұрғындары. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандары осындай ақпарат айтты. Бұл қызметкердің жалақасының 15 пайызға төмен болуына әсер етеді, дейді. Ал нақты білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмауына басты себеп – сұранастың жоқтығы екен. Қазір елде жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан асады. Бірақ, 2030 жылға дейін көрсеткіш едәуір өсуі мүмкін, деді. Орталық сарапшылары еңбек нарығындағы өзекті мәселелерді зерттеп, «Болашақ жұмыс күші: Қазақстанның еңбек нарығындағы жастар» атты ұлттық баяндама дайындады. Онда әлемдегі және Қазақстандағы жастармен байланысты өзекті ақпарат жинақталған.
Шалқар Байқұлақов, еңбек ресурстарын дамыту орталығы президентінің орынбасары:
Шаралардың бәрін зерттеп шықтық. Өзіміздің рейтингімізді жасадық. Рейтингімізге сәйкес келетіні, қысқа мерзімді оқыту – жұмыс орнында ең нәтижелі түрі болады. Адам кәсіпорында практикадан өтетін болса, стажеровкадан өтетін болса 80 пайызға жас мамандар сол кәсіпорында жұмысқа орналасады. Тағы бір айта кететіні ол кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары. Ол бизнес бастау және кәсіпкерлік жағынан гранттарды бөлу.
Асылбек Данияр
