Кірістер комитетінің бұрынғы қызметкері Грузияда ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кірістер комитетінің бұрынғы қызметкері Грузияда ұсталды

19.01.2024

Аса ірі көлемде пара алған кірістер комитетінің бұрынғы қызметкері Грузияда ұсталды. Оны бүгін Прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі, сыртқы істер министрлігі мен Интерпол бірлесіп, Қазақстанға жеткізді. Ол 2022 жылы мемлекеттік органда жұмыс істеп жүріп, Қазақстан-Ресей шекарасынан кәсіпкерлердің көлігін кедергісіз өткізуге көмектескен. «Бұл әрекеті үшін бизнес өкілдерінен жалпы соммасы 37 млн теңгеден асатын пара алыпты. Қылмысы әшкере болған уақытта шекара асып кеткен», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу