Каратэ. Ринат Сағандықов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэ. Ринат Сағандықов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

02.10.2014
Каратэ. Ринат Сағандықов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін Инчхонда каратэ жекпе-жектері басталды. Гуанджоуда өткен Азия ойындарының чемпионы, қазақстандық  Ринат Сағандықов 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Хирото Синохаромен кездесіп, 2:3 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

Еске сала кетейік, ол 1/16 финалда иорданиялық Башар Саид Мусу Аль Надджарды 1:0 есебімен ұтса, 1/8 финалда катарлық Кассим Али Гавиделді  8:0 есебімен жеңді.

Ринат ширек финалда непалдық Мукундру Махарджаннан 6:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда Кувейт спортшысы  Абдулазиз Алиді 4:0 ұтқан.

Хабарламаларға жазылу