Маңғыстауда аққулардың қырылу себебі анықталды
Маңғыстауда аққулардың қырылуына құс тұмауы себеп болған. Орнитологтар мен жергілікті мамандардан құралған жұмыс тобы осындай қорытындыға келді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері мен аққулардан басқа құстардың зардап шекпеуі бұған дәлел, - дейді мамандар. Бүгінде қырылған аққу саны - 1018-ге жетті. Оның 40 шақтысы Қарақия ауданындағы теңіз жағалауынан, қалғандары «Қаракөл» көлінен табылған. Жалпы аймақта соңғы санаққа сәйкес, 50 мың аққу қыстап жатыр. Соның 2 пайызы өлген. Өңірде үй құстарының арасында құс тұмауы тіркелген жоқ. Десе де, қосалқы шаруашылықтардағы үй құстарына мониторинг жалғасып жатыр.
Виктория Ковшар, орнитолог:
Құс тұмауы бүкіл әлемде бар. Каспийде де тіркеліп жүр. Мысалы, 2 жыл бұрын аққудың қара бас түрі мен чеграва тұқымдарының жаппай қырылғанын білеміз. Қаракөл көлінде аққулардың өлімі ерекше жағдай емес. Мұнда қысқа нашар дайындалған жас құстардың өлгенін көріп отырмыз. Бұл табиғи процесс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10