Ғалым және педагог Ханиса Қанышқызы Сәтпаева дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым және педагог Ханиса Қанышқызы Сәтпаева дүниеден озды

16.06.2016
Ғалым және педагог Ханиса Қанышқызы Сәтпаева дүниеден озды

2016 жылы 11 маусымда 94 жасында ғалым және педагог, медицина ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Құрметті профессоры, Қазақстанның валеология ғылымының негізін қалаушы, белгілі академик Қаныш Сәтпаевтың үлкен қызы Ханиса Сәтпаева өмірден озды.

Ханиса Сатпаева - кәсіби өсімнің барлық кезеңінен өткен отандық денсаулық сақтау саласының айтулы өкілдерінің бірі. 1974 жылдан 1991 жылға дейін  АММИ-дің алдыңғы қатарлы кафедраларының бірі - қалыпты физиология кафедрасын басқарды.12 жылдай емдеу факультетінің деканы болды.

1995 жылы профессор Сәтпаева Қазақстанда алғаш рет медициналық және педагогикалық ЖОО арналған «Адам физиологиясы» оқулық шығарды. Бұл кітап 2009 жылы қайта басылып шығарылды. Осы еңбегі үшін Ханиса Қанышқызы А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды.

Оның басшылығымен Қазақстанның барлық ЖОО-да валеология курсын енгізу бойынша үлкен істер атқарылды. Валеология бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құрал басып шығарды (1999, 2007, 2009 жж).

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. 

Хабарламаларға жазылу