Италия – Ресей мен Қытайдан кейін Қазақстанның үшінші стратегиялық сауда серіктесі. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 15 млрд долларға жуықтады. Экспорт үлесі - 14 млрд долларға жақын, импорт 1 млрд доллардан сәл асады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 54%-ке артық. Былтырғы қаңтар мен қазан аралығында тауар айналымы - 13,1 млрд доллар болды. 2023 жылғы дерек бойынша, елімізде Италия капиталы құйылған 303 компания бар. 2022 жылы бұл мемлекеттен бізге келген тікелей инвестиция - 288 млн доллардан асты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Ал былтыр жарты жылда ел экономикасына - 76 млн долларға жуық қаражат құйылды.
Тауар айналымы (2022 ж.) – $ 15 млрд
Экспорт – $ 14 млрд
Импорт – $ 1 млрд
Тауар айналымы (2023 ж.) - $ 13,1 млрд
Бірлескен компания (2023 ж) – 303
Инвестиция (2022 ж.) – $288 млн
2021 жылдан - 3 есе көп
Инвестиция (2023 ж. 6 айы) – $ 76 млн
Оңғар Алпысбай