Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауылы Төсқайың ауылында инсультке шалдыққан 71 жастағы әже бүгін түстен кейін тікұшақпен Өскемен қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал табиғи сипатта төтенше жағдай жарияланған Марқакөл өңірінде 7 ауыл әлі қар қырсауында отыр.
Олжас Керейхан, тілші:
Қан қысымы көтерліп ауыр науқастанған 71 жастағы кейуана тұратын Төсқайыңға мамандар бүгін тікұшақпен жетті. Дәрігерлер науқастың денсаулығы орташа деп отыр. Бірден ауруханаға жатқызып, ем дом-жасап жатыр. Ал Марқакөлдегі 7 ауылға әлі жолашылған жоқ. Өскеменннен барған тікұшақ сыртпен байланыссыз отырған ауылдарға азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткізді. Ең бастысы жан аман. Ал халық үшін малдың жайы қиын болып тұр. Өйткені ел тебіндегі жылқысын ойға түсіре алмай отыр. Қардың қалыңдығы 2 метрден асып кеткен.Сыртпен байланыссыз отырған 7 ауыл да өте алыс. Мәселен ең шеттегі Шанағаты Марақакөлдің өзінен 100 шақырдай жерде. Оған қоса әр елдімекен әр түрлі бағытта. Сондықтан жолды ашу қиынға соғып тұр. Ал жолдағы қасат қарды 20-дан астам арнайы техника күреп жатыр.
Олжас Керейхан