Алматыда айналма көпірдің жігі ажырап кеткен
Алматыда айналма көпірдің жігі ажырап кеткен. Мұны алғаш рет тұрғындар байқап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Ал жауапты әкімдік өкілдері бұл қалыпты жағдай дейді. Бұл жүргізушілерді алаңдатып отыр.
Қуан Нұрақын, тілші
Әкімдік өкілдері көпірдің жігі суық ауа райынан ажырағанын айтады. Жауаптылардың сөзінше, бұл құрылыс нормасы үшін қалыпты жағдай. Қыста бетон конструкциялар қысқарып, жазда керісінше кеңейіп кетеді. Әшімов көшесінің батысындағы Райымбек даңғылындағы көпірде құрылыс-монтаж жұмыстары 2014, 2015 жылдары жүргізілген. Ал, бұған қала тұрғындары мен жүргізушілер алаңдап отыр.
Қазір көпірде көліктер емін-еркін жүріп жатыр. Әкімдік өкілдері ақаудан хабардармыз дейді. Қазір мамандардың шешімін күтіп отыр. Ал деформациялық жырықты биыл жөндеу жоспарланған. Былтыр жігі ажырап кеткен дәл осындай алты айналма көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05