Шыңжаңда қар құрсауынан туристер құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шыңжаңда қар құрсауынан туристер құтқарылды

15.01.2024

Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағының Алтай префектурасында қар құрсауында қалған туристер құтқарылды. Бұл операцияға тікұшақ тартылған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше күн бойы боран соғып, Алтай тауларының ішіндегі автомагистральдың алты шақырымы таудан көшкен қар астында қалған. Соның салдарынан кейбір елді мекендерге баратын жол жабылып, саяхатшылар кері қайта алмаған. Бүгін ол жолдарды арнайы техника тазалап жатыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу