Қостанай облысында тұрғын үй салуға бөлінетін субсидия мардымсыз
«Ауылдық жерде жалға берілетін тұрғын үй салуға арналған субсидия, үш жыл бұрынғы бағамен есептелген». Қостанай облысының кәсіпкерлері өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен ережені өзгертуді сұрайды. Талап бойынша, баспананың аумағы 100 шаршы метр шамасында болуы тиіс. Нысан облыс, аудан орталықтары мен қалалардан 30 шақырым жерде орналасуы шарт. Ауыл кәсіпкерлері осы ережедегі төрт пункті өзгертуге ұсыныс жасады. Алдымен, субсидияланатын баспананың шаршы метрін 100 мыңнан 300 мың теңгеге көтеруді, жобалау-сметалық құжаты мен сараптаманы алып тастауды өтінді. Өйткені бұл құжаттарды дайындауға қыруар қаржы кетеді.
Геннадий Кукоба, облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:
100 шаршы метр үйдің бағасы 10 миллион теңге деп есептеп, 5 миллион теңгесіне субсидия бермекші. Алайда, 100 шаршы метр баспана салуға 30 миллион теңге қажет. Ережеде бекітілген нормативті есептегенде оны үш жыл бұрынғы бағаға сүйеніп жасаған.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04