Қарашығанақ кен орнынан түрлі түсті металл ұрлаған жұмысшы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарашығанақ кен орнынан түрлі түсті металл ұрлаған жұмысшы ұсталды

13.01.2024

Қарашығанақ кен орнынан құны 10 млн теңге болатын түрлі түсті металл ұрлаған жұмысшы ұсталды. Бөрілі аудандық полиция бөліміне кен игеруші компаниядан ұрлық жайлы арыз түскен. Полицейлер кен орнында жұмыс істейтін Ақсай қаласының 38 жастағы тұрғынын қолға түсірген. Күдіктінің үйі мен сарайынан жылыту кабелінің шығанағы, жалғау муфталары, қосу қораптары, арнайы оқшаулағыш таспалар, мыс сымдар және 45 000 теңге табылып, тәркіленді. Оқиға ізімен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу