Шымкентте автобустағы камералар жедел басқару орталығына қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте автобустағы камералар жедел басқару орталығына қосылады

12.01.2024

Шымкент қаласында қоғамдық көліктерге бейнебақылау камералары орнаталып, ол полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылмақ. Бұл автобустардың ішіндегі тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді. Ұсыныс қала әкімдігі мен мәслихатына жолданды. Оны жүзеге асыру үшін бюджеттің мүмкіндігіне қарай қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, мегаполисте жүргізушілерді жолаушылармен байланысқа түспейтіндей ету, олардың автобустарды сергек күйде басқаруы үшін 8 сағаттан аспайтын ауысым жасау қарастырылады. Әрбір бағыттағы автобустардың соңғы аялдамаларында көліктің тоқтап тұруына, жүргізушілердің тынығуына ыңғайлы жағдай жасау мәселесі де шешімін таппақ. Бүгінгі таңда шаһарда жолаушылар тасымалымен 11 компания айналысады. Тұрғындарға 80-ге жуық бағыт бойынша 900-дей автобус қызмет көрсетеді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу