Түркістан облысында банк қызметкері 47 адамның атынан несие рәсімдеген
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында банк қызметкері елуге тарта адамның атынан несие рәсімдеп, миллиондаған қаражатты қалтасына басқан. Оның қылмысы тұрғындарға несие қарызын төлеу туралы хабарлама келе бастағанда белгілі болған. Осы оқиға бойынша жедел тергеу тобы құрылып, тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні қолға түсірді. Ол банктің 31 жастағы қызметкері болып шықты. Күдікті банкте жұмыс істеп жүріп, қаржылық мәселесімен алдына келген клиенттердің атына сырттай 70 мың мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеген. Осылайша 47 адамды алдап, 21 миллион теңгені өз пайдасына жаратқан. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04