Қазақстан азаматтары дін аман
Қарулы қақтығыс болып жатқан Эквадорда Қазақстанның 7 азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Одан бөлек тағы бір отбасы елге демалуға барған. Консулдық оларға телефон соғып, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық берген. Министрлік өкілі жерлестерімізбен үнемі байланыстамыз, деді. Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарының ешқайсысы зардап шекпегенін жеткізді. Эквадорда жағдай қылмыстық топ лидері түрмеден қашқаннан кейін қаңтардың 7-де шиеленісті. Түрмелерде бүлік басталып, қарулы топтар ел ішінде ойран салды. Олар 130-дан астам түрме күзетшісі мен 4 полицейді кепілге алған. Президент елде төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді. Есірткі топтарына қарсы соғыс жарияланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық музыканттар Римде өнер көрсетті
22.04.2026, 10:11
Астанада «Моңғолияның әсем отаны» концерті өтті
22.04.2026, 10:07
Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықты нығайтуда
22.04.2026, 10:04
Талғат Төребеков экологияны жақсартуға арналған стратегиялық жоспарларды таныстырды
22.04.2026, 10:02
Өңірлік экологиялық саммит басталды
22.04.2026, 09:55
Орталық Азия елдерінің президенттері Астанаға жиналды
22.04.2026, 09:55
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53