2023 жылы Ұлттық қордағы ақша 4,8 млрд долларға ұлғайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2023 жылы Ұлттық қордағы ақша 4,8 млрд долларға ұлғайған

11.01.2024

Өткен жылы Ұлттық қордағы ақша 4,8 млрд долларға ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банктің есебінде жарияланған. Қазір қорда 60 млрд доллары бар. Бұл ұлттық валютамен есептегенде 27,2 трлн теңге. Әсіресе, шілде айында қорға көбірек инвестициялық табыс түскен. Алайда, бюджетке алынған трансферттің есебінен ақша қайта азайған. Былтыр қордан 4 трлн теңге алынды. Жалпы 1 ақпаннан бастап Ұлттық қордың ақшасы балалардың шотынан аударылады. Биыл шамамен 250 мыңнан астам бала қор қаржысына оқу ақысын төлеп, үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алады.


Хабарламаларға жазылу