«Қазмұнайгаз» Қашағандағы үлесін қайта сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазмұнайгаз» Қашағандағы үлесін қайта сатып алды

20.09.2022

«Қазмұнайгаз» «Самұрық-Қазынадан» Қашағандағы 16,88% тиесілі үлестің тең жартысын 3 млрд 800 млн долларға сатып алды. Бұл «Қазмұнайгаздың» соңғы жылдардағы ең ірі сауда-саттығы. 2015 жылы «Қазмұнайгаз» осы 50 пайыз үлесті мұнайдың күрт арзандауына байланысты қарызын азайту үшін Қорға сатқан. Компания басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуынша, қазір қаржылық жағдай жақсарған.

«Қазмұнайгаздың» жалпы қарызы 19 млрд доллардан биыл 8 млрд долларға дейін азайды. Енді қордағы үлесін қайта сатып алған соң қарыз 10 млрд 7 млн долларға жетті.

Хабарламаларға жазылу