Жаңажылдық безендіруге қала әкімдіктері миллиардтаған қаржы жұмсаған
Жаңа жылдық шырша, қаланы безендірудің жыры әлі басылмады. Енді шыршаны құрғандар әкімдіктен ақшаларын ала алмай, соттасамыз деп жатқандар да бар. Қостанайдың Жітіқара қаласында осындай жағдай. Биыл да жаңа жылға жергілікті әкімдіктегілер қаражат бөлуден тартынып қалмады. Самал Қабышеваның материалы.
Астананың ескі шырша қойдық дегеннің өзінде шаһарды жаңа жылға сәндеуге миллиардқа жуық қаражат жұмсаған. Бөлінген қаржы 836 млн теңге.
Алматы да қалыс қалмады. Биыл жарты миллиардқа жуық қаржы бөлген. Қалаға 22 шырша орнатылған. Былтыр да Алматының әкімдігі жалпы жаңа жылдық безендіруге 600 млн теңге бөлгені ел есінде. Ал, биыл 511 млн теңге жұмсаған.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
Былтыр 600 млн теңге бөлінген болса, биыл 511 млн теңге бөлінді. Яғни, 90 теңгеге қаражат үнемделді. Біз былтырғы жаңа жылдық әшекейлерді де қолдандық. Жарамағандарын жаңарттық.
Өңірлер де жаңа жылдық безендіруге миллиондап қаржы бөлген. Көш басында Павлодар қаласы. Құлап қалған шыршасынан бастап, еріп кеткен мұз қалашығына, жалпы безендіруге 185 миллон теңге жұмсаған. Ал шымкентегілер 74 млн, Қостанай да қалыс қалып жатқан жоқ. Олар, ескі шыршаны қойдық, қаржыны үнемдедік десе де 50 млн теңге бөлген. Көкшетауда тұра осындай қаржы жұмсаған. Тек бір миллионға ғана кем. Міне, картада көрсетілген өңірлердің барлығы шырша алуға, қаланы безендіруге миллиондарды осылай бөлген.
Петропавл, Ақтөбе, Орал, Түркістан. Дәл қалалардың әкімдігіндегілер шыршаға да, безендіруге де бір тиын бөлмедік дейді. Мәселен, бұл Түркістан қаласындағы шырша. Бес жылдан бері ескі шыршаларды қойып келеміз дейді.
Самал Қабышева, тілші:
Ал Қостанайдың Жітіқара қаласында дау тудырған аяз ата мен ақша қардың бейнесі осы. Бұл үшін әкімдік бір тиын да төлемейміз деп отыр. Ал 16 млн теңгегеге шырша орнату, безендіруге тапсырысты қабылдаған кәсіпкер, ақшасын толықтай талап етуде. Себебі, құрған шыршамызға әкімнің өзі барып, салтанатты түрде шамын жақты дейді. Енді екі тарап арасындағы дау сотпен аяқталуы мүмкін.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00