Шалғай жатқан ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қызмет көрсететін дағдарыс орталықтары жетіспейді. Сондықтан жәбірленушілердің құқықтық сауаттылығы төмен. Оларға жүйелі түрде психологиялық көмек те көрсетілмейді. Көбі іштен тынып, отбасының шырқын бұзғандар жазадан құтылып кетіп жатады. Бұл туралы жұмыс сапарымен Көкшетау қаласындағы «Шанс» әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығына барған Мәжіліс депутаттары айтты. Алдағы уақытта бала-шағасына жұдырық ала жүгіретіндерге жаза одан әрі күшеймек. Қазір де біраз өзгерістер бар. Мәселен, тұрмыстық зорлық –зомбылық құрбандары арыз жазбаса да, полиция іс қозғай алады. Әрі сотқа отбасының шырқын бұзатын азаматтарды тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріліп отыр. Енді депутаттар бейімдеу орталықтарының жұмысына ден қою қажет,-дейді.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Менің ойымша бұл жерде жергілікті басқару органдарының тарапынан арнайы бір орталық, кризистік, дағдарыстық орталық құруға тиісті деп ойлаймын. Міндетті түрде қаражат мәселесін шешу керек деп ойлаймын.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға өзгеріс енгізілмек
Ал Оралдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанына айналғандардың дағдарыс орталығы он жылдан бері жұмыс істейді. Қалалық болғанымен, алыс ауыл-аудан, тіпті шетелден де келіп, түнеушілер көп. Психологиялық, физикалық, экономиакалық қысым көргендер осы жерді паналайды. Оларға психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкерлер кеңес беріп, қолұшын береді. Мәжіліс депутаттары орталық мамандарымен бірге Заңға енгізілетін өзгерістерді талқылады.
Снежана Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Азамат егер зорлық көрсетсе, онда «защитный предписание» дейміз, отбасына жақындамауы керек. Бөлек шығуы керек, егер бөлек тұратын жері, үйі болса. Қазіргі талқылауда бұл норманы алып тастау керек деп жатыр. Үйі бар ма, жоқ па, ол кісі бірнеше күнге отбасынан алыста болуы керек.
Ұмсындық Наурызбаева