Астанада осы айда төрт бірдей ана өлімі тіркелді

20.07.2018

Елімізде дәргігерлердің қарсы көрсетілген ұсынысына қарамастан, 3000-нан астам әйел жүктілігін жалғастыруда. Олардың басым көпшілігі Астана қаласы мен Алматы және Түркістан облысының тұрғындары. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылды. Министр облыстық Денсаулық сақтау басқарамаларының басшыларына денсаулығы нашар жүкті әйелдерді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Ана өлімі бойынша да аталған өңірлер көш бастап тұр. Астанада жыл басынан бері 6 ана өлімі тіркелген. Ақмола облысында да алты айда 4 ана өлімі тіркелген. Ана өлімінің көбейіп кетуінің бір себебі, кадр тапшылығы екені айтылды. Елімізде 341 акушер-гинеколог маман тапшы. Айта кету керек, Астанада тек осы айдың өзінде төрт бірдей ана өлімі тіркелді.  

Лязат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Ана мен бала өлімінің басты себебі, кадр тапшылығы. Ақмола, Атырау, Қарағанды, Алматы облыстарында акушер-гинекологтар жетіспейді. Сондай-ақ, 300-ге жуық анестезиолог және реаниматолог маман жетіспейді. Әсіресе мұндай мамандар Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тапшы.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу