Атырауда жастардың дағдарыс орталығы ашылды
Атырауда жастардың дағдарыс орталығы ашылды. Мұнда жергілікті жастарға тегін көмек көрсетіледі. Қиын жағдайға тап болған жастарға, жас отбасыларға білікті психологтар мен заңгерлер телефон арқылы, жеке не топтық бағытта кеңес береді.
Қазір қаладағы барлық мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының психологтары орталықта арнайы тренингтен өтуде. Болашақта психологиялық күйзеліске ұшыраған жастарды анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсетілмекші.
Ұлықбек Тінәлиев, Жастар дағдарыс орталығының директоры:
Қазақстанеың ТМД елдері арасында суицид бойынша көрсеткіші өте үлкен. Сондықтан да осындай жастарға арналған дағдарыс орталықтары өте қарқынды жұмыс істеуі қажет. Жастарға әртүрлі құқықтық, психологиялық, қызметтерді көрсетуі керек.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33