Қаңғыбас иттердің санын азайту заңмен қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңғыбас иттердің санын азайту заңмен қолға алынады

10.01.2024

Астанада қаңғыбас иттердің саны артқаны сонша, арнайы орталыққа сыймай жатыр. Мәселен, осындай иесіз қалған жануарлар пана еткен мекенде/ аш иттер бірін-бірін талауға көшкен. Сенатор Бибигүл Жексенбайға/ шаһардың еріктілері мәселені жеткізген. Бүгін бір топ сенат депутаттары орталыққа барып, жағдайды өз көздерімен көрді. Тараптарды тыңдады. Өзекті проблемалар заң тұрғысынан шешілетінін жеткізді. Себебі, қаңғыбас ит-мысықтың қоғамға қаупі, жалпы оларды ұстау ережесін депутаттар біраз уақыттан бері зерттеп, назарда ұстауда. Енді қордаланған мәселелерді шешу үшін/ жануарларға қатысты заңға бірқатар өзгерістер енгізілмек. Жаңа құжатта ауру, агрессивті қаңғыбас иттерді жаппай жою, сондай-ақ, кастрациялау сынды бірнеше өзекті мәселелер қолға алынбақ. Осылайша, олардың көбеюіне жол берілмейді.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

Ең бірінші кезекте осы заң бойынша орталықтарда ұстау мерзімін барынша қысқарту. Яғни, орталықтарда қарауға мүмкіндік жоқ болса, бұларды бір жерге үйіп-төгудің қаншалықты қажеті бар? Сондықтан, уақытын қысқарту мәселесі. Екіншіден, чиптеуді жүйелі түрде жүргізуге жауапкершілікті күшейту. Және әрбір иттің иесін, қожайынын анықтау үшін идентификациялық номерін айқындау. Осы бағытта заңда нақты өзгерістер жасаймыз деп ойлаймын. 


Хабарламаларға жазылу