Маңғыстау облысында ит малға шауып 40 шақты қой-ешкі қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында ит малға шауып 40 шақты қой-ешкі қырылды

19.04.2022

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында қорадағы малды қаңғыбас иттер тамақтап кетті.

Ветеринарлар бұралқы иттердің қораға түсуі жиілегенін растап отыр. Соңғы 2 айда осындай 4 оқиға тіркеліп, 40 шақты қой-ешкі шығын болған. Былтыр аудан бойынша 1700 қаңғыбас ит атылған. Ал, жыл басынан бері тағы 240 иттің көзі жойылыпты.

Нұралы Сәдіғұлов, Бейнеу аудандық ветеринариялық станцияның басшысы:
Барғанымызда қорасына иттердің түсіп, талап, қырып кеткенін көрдік. 10 бас қойын өлтіріп кеткен. Бұл қаңғыбас иттердің жасаған қылығына жатпайды. Тұрғындар қазіргі таңда өздерінің ауласында ұстап отырған иттерін күндіз байлап, кешке босатып жіберу фактілері кездесуде. Осыған байланысты қораға түсу, адам қабу фактілері жиілеп барады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу