Шымкентте халық демалатын орынға жұмсалған қаржы желге ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте халық демалатын орынға жұмсалған қаржы желге ұшты

05.02.2024

Шымкентте жасыл желек отырғызылып, тұрғындардың демалатын орнына айналуы тиіс болған 38 гектар аумақ бүгінде қаңғыбас иттердің мекеніне айналды. Осыдан бірнеше жыл бұрын шаһарда «Шатқал» деп аталатын бағдарлама қолға алынып, үш жерге ондаған мың ағаш көшеті егілген. Сөйтіп, 17 мың гектардай аумақты халық демалатын орынға айналдыру көзделген еді. Алайда ол жерлер мүлдем қараусыз болып, «Самалға» егілген ағаштардың 90 пайызы қурап қалған. Шатқалдағы суару жүйелері бүлініп, пластик құбырлар әр жерінен қиылып жатыр. Кезінде облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған жобаға ешкім жауапсыз болып шықты. Демеушілер қаржысына жасалғандықтан, бұл істің нәтижесіз болғанына кінәлілер де табылмады.

Әуесбек Әзбердіұлы, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы:

Қураудың ең бірінші себебі – су мәселесі. Суғару өте қиын шатқал болғандықтан. Тамшылатып суару жүйесін жүргізу керек. Негізі ол жерде 2 су ұңғымасы қазылған. бірақ жұмыс істемейді. Сол мәселе шешімін тапқан жағдайда ағаш көшеттері егіледі көктем айында.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу