АҚШ-та қонақ үйде жойқын жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қонақ үйде жойқын жарылыс болды

09.01.2024

АҚШ-тың Техас штатындағы қонақ үйлердің біртінде жойқын жарылыс болып, 11 адам жарақат алды. Ауруханаға жеткізілген зардап шеккендердің біреуі хәл үстінде жатыр, - дейді дәрігерлер. Жарылыстан ғимараттың алғашқы екі қабатының күл талқаны шыққан. Бейнетаспада ауыр бетон қабырғалардың бөліктері көшені жауып қалғаны айқын көрінеді. Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу