Кентауда жылу орталығы небәрі 60 процент жылу беріп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кентауда жылу орталығы небәрі 60 процент жылу беріп отыр

09.01.2024

Түркістан облысының Кентау қаласындағы жылу орталығы небәрі 60 процент жылу беріп отыр. Шаһар тұрғындары үй ішінде бүрсеңдеп, қалың киіммен жүргендерін айтады. Халықтың шағымы бойынша, Мәжіліс депутаттары жылу тарататын орталыққа барды. Онда қазір небәрі 4 қазандық жұмыс істеп тұр. Көмірдің сапасы да сын көтермей тұрғаны белгілі болды. Жергілікті жұрт электр энергиясының бағасын да төмендетуді сұрады. Үй суық болған соң жылу құрылғыларын қосамыз, сондықтан ақша көп шығады, - дейді. Ал жылуға жауапты мекеме өкілдері: кейбір үйлерге жылу жетіп тұр, ал пәтердің жылынбауына тұрғындардың ішкі жүйелерді уақытылы жөндемеуі себеп деп отыр.

Қайрат Балабиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Алдымыздағы айда толық тағы да екі қазандықты бітіреміз деп уәде беріп отыр. Бірақ ол кезде қыстың аяғы болады. Ол халыққа керек те болмай қалады. Халық ақшасын төлеп отырғаннан кейін жылу алу ол міндетті. Сондықтан біздер Мәжіліс депутаттары қандай да бір кемшіліктер, бөлінбей жатқан ақшалар болатын болса бізде Мәжілістен бөліп беруге біздер атсалысамыз.

Айнұр Әбілқасым


Хабарламаларға жазылу