Көкшетау қаласында жылу электр станциясы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау қаласында жылу электр станциясы салынады

31.01.2015
Көкшетау қаласында жылу электр станциясы салынады

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мен шетелдік «Peterburg Holding Company», «All Energy Holding LTD» компанияларының және қазақстандық «Он Олжа» ЖШС басшылары арасындағы Көкшетау қаласында жылу электр орталығы құрылысын бастау жөніндегі өзара келісімнің екінші раунды өткізілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Кездесу барысында облыс әкімі Сергей Кулагин жылу электр орталығы құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттардың дайындалу барысымен танысты.

«Біз ықылас танытып, артықшылық беріп отырған израильдік компанияның қазақстандық кәсіпорындармен, оның ішінде қуат көздеріне бай «Он Олжа» серіктестігімен тұрақты байланыс орнатқандығы болашақ табыстарымызға кепілдік береді. Бұған қоса, өңіріміздің инвестициялық тартымдылығы өзге салалардың дамуына серпін беріп отыр»,-деді облыс әкімі.

«АН Energy Holding» компаниясының қаржы директоры Валери Амиэль сенім білдіргені үшін облыс әкімі Сергей Кулагинге алғыс айтып, жобаның қазіргі кезеңінде бастапқы жұмыстарды қаржыландыру мәселесінің шешілгендігін жеткізді. Қазақстан жағынан кәсіби мамандардың жұмылдырылуы ЖЭО құрылысының техникалық және стратегиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретінін айтқан израильдік компания өкілі келесі кездесуде облыс басшылығына инвестициялық жобаның дайын нұсқасы таныстырылатынын мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу