Елімізде соңғы бір апта ішінде 1674 адам қызылша жұқтырып үлгерген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы бір апта ішінде 1674 адам қызылша жұқтырып үлгерген

08.01.2024
Қазір жедел жәрдем көмегі аса қажет. Елімізде жыл басынан бері, дәлірек 8 күннің ішінде 1674 адам қызылша жұқтырып үлгерген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Алайда қазір аймақтарда қосымша жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр. Бүгінге дейін 928 мыңнан аса адам вакцина алған.

Ал Маңғыстау жұртшылығы қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасында белсенділік танытып отыр. Қазір өңірде 38 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алған.

Хабарламаларға жазылу