Шымкентте оқушылар сарайының құрылысы тоқтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте оқушылар сарайының құрылысы тоқтап қалды

05.01.2024

Шымкентте оқушылар сарайының құрылысы тоқтап қалды. Биылғы жылдың наурыз айында пайдаланылуға берілуі тиіс болған нысанның қазір тек қаңқасы ғана қалқиып тұр. Бұл жұмыстардың барлығы жергілікті қазынадан бөлінген қаржы мен мердігердің өз ақшасы есебінен жүргізілген. Құрылысшылар осы қиындықтарды Параламент Мәжілісінің депутаты Данабек Исабековке жеткізді. Құрылысты толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінуі керек. Аумағы 10 мың шаршы метр болатын оқушылар сарайы Тұран мөлтекауданында салынуда. Онда 40-қа жуық үйірме жұмыс істейтін болады. Бір ауысымда 500 бала өз қалауына қарайы спорт және өнер түрлерін үйрене алады. Қазынадан қаржы дер кезінде бөлінетін болса нысан биыл Республика күні мерекесінде пайдаға берілмек.

Данабек Исабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Республикалық бюджеттен 8 миллиард қаржы бөлу үшін тиісті министрілікпен жұмыс жасайтын боламыз. Басқармамен сөйлестім. Олар өз деңгейінде хат жолдаған екен. Оны қаңтар аяғының соңында қорғауға барады қаржы министрілігіне. Мен де бірлесіп, жұмыс істейтін боламын сол кезде.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу