«Ұлттық қор - балаларға»: 1 ақпаннан бастап жинақтау шоттары ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық қор - балаларға»: 1 ақпаннан бастап жинақтау шоттары ашылады

05.01.2024

«Ұлттық қор-балаларға» жобасы бойынша әр балаға түсетін қаражат мөлшері 1 ақпанға дейін белгілі болады. Ал 1 ақпаннан бастап қаражат алушыларға жинақтау шоттары ашылады. Қаржы теңдей бөлінеді. Яғни, біріне артық, біріне кем бөлінбейді. Балалардың тізімі, есепшоты, жалпы жүйе толықтай автоматтандырылған. Айта кетейік, баланың 18 жасқа толғанға дейінгі жинақталған қаражаты Ұлттық қорда АҚШ долларымен сақталады. Ал жыл сайын әр балаға қанша қаражат бөлінеті Ұлттық қордың инвестициялық табысына байланысты болады. Демек, табыс жоғары болса, сәйкесінше, түсетін қаражат мөлшері де көп болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балаларға теңдей етіп бөлінеді.

Хабарламаларға жазылу