Павлодар облысында құтқарушының денесі іздестіріліп жатыр
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасындағы опырылған шахта астында қалған құтқарушыларды іздестіру жұмыстарына Астана мен Павлодардың төтенше жағдайлар департаментіне қарасты кинологиялық қызметі жұмылдырылды. Иісшіл иттер 150 метрлік шыңырауға түсіріледі. Естеріңізге сала кетейік, 4 адам отырған автобус жер астына құлап кеткен болатын. Кеше 24 жастағы және 53 жастағы екі адамның денесі шығарылды. Автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздестіру жұмыстары әзірге нәтижесіз. Құтқару шарасына кеше 70 адам қатысқан. Бүгін 116 маман және 20 ға тарта техника жұмылдырылды. Бүгін апат болған шахтаға Төтенше жағдайлар Министрінің орынбасары Мереке Пішембаев барды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Отбасы банк» салымшыларына арналған баспана жәрмеңкесі өтті
20.04.2026, 20:58
Есірткіні насихаттайтын граффитилер өшірілді
20.04.2026, 20:55
«Таза Қазақстан» экоакциясына 20 мың адам қатысты
20.04.2026, 20:53
Еріктілер Текелі таулы аймағын тазалады
20.04.2026, 20:51
«SuperStar KZ» байқауының кастингі Қызылорда қаласында жалғасты
20.04.2026, 20:47
15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
20.04.2026, 20:44
Президент ақын Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты
20.04.2026, 20:37
Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ отырысына қатысты
20.04.2026, 20:05