Жамбыл облысында кәсіпкер Сібір жарасымен ауырған сиыр етін саудаға салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында кәсіпкер Сібір жарасымен ауырған сиыр етін саудаға салған

05.01.2024

Жамбылда кәсіпкер Сібір жарасымен ауырған сиыр етін саудаға салған. Ет сатумен айналысатын азамат өнімін Қаратау қаласындағы ірі сауда орталығында сатылымға шығарған. 120 келі ірі қараның етін «жаңа сойылған» деп жарнамасын да жасаған.

Салдарынан ауру малдың 3 келі етін алған 22 жастағы студент ауруханадан бірақ шыққан. Талас ауданындағы ветеринария мамандары сауда орнына шұғыл жетіп, сиыр етінің қалған бөлігін толық тәркіледі. 54 жастағы кәсіпкер малды базардан алып, өзі сойғанын айтқан. Мамандарға тексертпегені үшін сотта кінәсін толық мойындады. Оған әкімшілік жаза тағайындалып, 1 миллион теңгеден аса айыппұл салынды. Былтыр Жамбыл облысында Сібір жарасын жұқтырғандар саны 19 адамға жетті. Өңірде қауіпті жұқпаның 189 топырақтық ошағы бар.

Күмісбек Рахимов, Облыстық санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Кез-келген малды сойған кезде ветеринардың анықтамасы болу керек, ветеринарға бару керек. Бұлар өз шарбағында сойған. Ветеринарға ескертпеген. Науқас терілік формасымен ауырып отыр ғой. Қазіргі таңда ол толығымен жазылып, ем алып шықты.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу