Ұлыбританиядағы Қазақ диаспорасына – 50 жыл. Қым-қуыт заманда Алтай өңірлерінен Түркияға, ал одан кейін Тұманды Альбионға көшіп кеткен қандастарымыз Лондонда бас қосып, мерейлі мерекені атап өтті.
Әбдісәлім Саваштың ата-анасы нәубетті заманда Түркияға тұрақтаған. Өзі 25 жасында жұмыс іздеп, Лондонға келген. Қазір зейнет демалысында.
Әбдісәлім Саваш, Ұлыбритания қазақтары қауымдастығының төрағасы:
Баста біз осы жерде қаламыз деп ойламадық. Ақша құрап, Түркияға қайтамыз, әке-шешемізге жанына қатамыз дегенбіз.
Ұлыбритания қазақтары алыста жүрсе де жүректері туған жер деп соғады. Атамекенмен байланысын ешқашан үзген емес. Бүгін олар Тұманды Альбионға алғаш табан тірегендеріне жарты ғасырлық мерейтойын салтанатпен атап өтті.
Омар Саваш, Ұлыбритания қазақтары қауымдастығының мүшесі:
Өскелең ұрпаққа тарихымыз туралы айтып бердік. Викториналық сұрақтар қойып, жеңімпаздарды сыйлықтармен марапаттадық.
Қауымдастық алғаш құрылған кезде бейресми болатын. Кейін тiркеуден өтiп, содан бері заңды тұлға ретiнде жұмыс істеп келеді. Қазір оған 60-қа жуық шаңырақ мүше.
Марина Бекенова