Қ.Тоқаев: Конституциялық реформа ата заңға өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев: Конституциялық реформа ата заңға өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ

03.01.2024

«Бұл – жалған ақпарат. Бұдан былай әркім ойына келгенін істеп, Ата заңға оңды-солды өзгеріс енгізе алмайды. Ал осындай маңызды мәселеге келгенде, тіпті мүмкін емес. Мен бұған нық сенімдімін. Конституциялық реформа Ата заңға қалай болса солай өзгеріс енгізе беру үшін жасалған жоқ».

Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында әлеуметтік желіде тарап жатқан қауесетке осылай нақты жауап берді. Айта кетейік, мақаланың толық нұсқасын «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санынан немесе басылымның сайтына оқи аласыздар.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу