Ақмолалық құтқарушылар ауруханадағы балаларға сыйлық табыстады
Ақмолалық құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында ауруханада ем алып жатқан 100-ге жуық балаға сыйлықтар табыстады. Аяз ата мен ақшақар болып киінген құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен аурухананың терезесіне дейін көтеріліп, балаларды ерекше қуанышқа кеңелтті. Мұндай шара енді өңірде жиі өткізілмек. Себебі, мереке қарсаныңда сыйланған керемет көңіл-күй олардың жадында мәңгі сақталады. Оған қоса, тез сауығып кетулеріне де сеп болады, - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Әділет Серік, облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы:
Ауруханада жатқан балалар тез сауығып кетуі үшін барлық көңілімізді, тілегімізді білдіріп, құттықтап, олардың көңіл-күйлерін көтеріп жатырмыз. Арнайы дайындаған сыйлықтарымызды балаларға табыс етіп, оларға өзіміздің көңілімізді, ықыласымызды білдіріп жатырмыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
23.04.2026, 10:39
Қарағанды облысында жел электр станциясы іске қосылады
23.04.2026, 10:38
Әлемде парниктік газ шығарындылары күрт көбейіп барады
23.04.2026, 10:22
Жасыл энергия - тұрақты дамудың қозғаушы күші
23.04.2026, 10:17
Каспий теңізін сақтау мәселесі талқыланады
23.04.2026, 10:07
Аралды құтқару: 4 маңызды құжатқа қол қойылды
23.04.2026, 10:02
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11