Сарапшы: Қазақстан сыртқы саясатта үлкен жетістікке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Қазақстан сыртқы саясатта үлкен жетістікке жетті

29.12.2023

Қазақстан биыл сыртқы саясатта үлкен жетістікке жетті. Жыл басталғалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18 мемлекетке жұмыс сапарымен барған. Президент ел экономикасын арттыру, инвестиция тарту, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, ұлттық қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударды. Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, қазіргі геосаяси жағдайда көрші елдермен ғана емес өзге де мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайтып, сыртқы саясатқа байыппен қарауымыз керек. Сенатор әлемнің 17 елінде қарулы қақтығыс болып жатқанда, бір мемлекет тек өзін қорғай алмайды, оларға ықпалды экономикалық одақтас керек екенін жеткізді. «Ол – Орталық Азия елдері», - деді. «Мемлекет басшысының АҚШ-тағы «C5+1» саммитіне қатысуы, Германияға сапары, Қытаймен 30 күн визасыз режимге көшуіміз, «Бір жол, бір белдеу» жобасының қабылдануы сондай-ақ, порттардың ашылуы сыртқы саясаттағы артқарып жатқан жұмыстың жемісі», - дейді. Жалпы, сенат биыл 42 заңды шетелдермен бірлесе ратификация жасаған.

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мұның бәрі бізге не береді? Бізге екі ел арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін яғни экономикамызды дамыту үшін бүгінгі күні бүкіл әлем Орта Азияның ішінде Қазақстанға қарап отыр. Қазақстанның артқаратын жұмысы өте көп. Бұл жерде логистика мәселесі бар. Осының бәрі болашақта сыртқы саясатымызды ретке келтірсек, екі елдің азаматтары кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы алға жылжытатын фактор болып табылады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу