Димаш Құдайберген үздік жетістіктері үшін халықаралық марапатқа ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайберген үздік жетістіктері үшін халықаралық марапатқа ие болды

28.12.2023
Димаш Құдайберген үздік жетістіктері үшін халықаралық марапатқа ие болды

Ел мақтанышы Димаш Құдайберген үздік жетістіктері үшін халықаралық марапатқа ие болды. Оған Сербиядағы «Ағайынды Карич Қоры» деп аталатын мәртебелі жүлде берілді. Суретшілеріміздің де, еңбектері шетелде жоғары бағаланып жүр. Мұны 40 жылдан аса сурет өнерімен айналысып жүрген Ләйла Махат растайды. Айтуынша, оның картиналарына әлемнің бірнеше елдеріндегі көрме ұйымдастырушылары көз тіккен.

Ләйлә Махат, суретші:

Біздің туындыларымыз Еуропа, Орталық Азия елдерінде өткен көрмелерге қойылып келеді. Салған суреттерім еліміздің мәдениетін, тұрмыс-салтын көрсетеді. Сұраныс тым жоғары. Шетелдік көрмелерден жиі қоңырау шалады. Әлеуметтік желі арқылы іздейтіндер де бар. 15 жылдан аса шәкірт тәрбиелеп келемін. Маңыздысы еліміздегі сурет өнері дамыса деймін.


Хабарламаларға жазылу