«Семей Орманы» табиғи орман резерватына 30-ға жуық өрт сөндіру көлігі берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Семей Орманы» табиғи орман резерватына 30-ға жуық өрт сөндіру көлігі берілді

28.12.2023

Бүгін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Семей Орманы» табиғи орман резерватына 30-ға жуық жаңа техника табыстады. Өрт сөндіруге арналған арнайы көліктер осыған дейін де, резерватқа бірнеше рет берілген болатын. Жалпы «Семей Орманы» мекемесіне биыл мемлекеттен 13,7 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Ол түгелдей орманды қорғауға қажетті түрлі құрал-жабдықтар мен арнайы техника алу үшін жұмсалуда. Оған қоса, келер жылы қарғайлы ормандағы өртті ерте кезде анықтау жүйесі іске қосылатын болады. Жалпы еліміз бойынша, орманды алқапты қорғауға арналған 5 жылдық кешенді бағдарлама шеңберінде, орман шаруашылықтарына 68,6 миллирд теңге қаржы қарастырылған.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Өкінішке орай биылғы жылы маусым айындағы өрттің бірден бір себебі осы техниканың жетіспегендігі деп айттық қой. Заманға сай техникалар бар. Осы көктемде сол техникалар келсе осы мынау өртеніп кеткен орманды тездетіп кесіп алып, өңдеп халықтың қажетіне жұмсауға жұмыс істеп жатырмыз.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу