Түркияда люкс санатындағы көліктер жол полициясына берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда люкс санатындағы көліктер жол полициясына берілді

27.12.2023

Түркияда қылмыстық ұйымдардан тәркіленген люкс санаттағы автомобильдер полиция көліктеріне айналды. Мұны елдің ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Бентли, Порше және Вольво көліктері сот шешімімен Ыстанбұлдың жол полициясына берілді. Қымбат автокөліктер ақ және көк түске боялып, сыртына «жол полициясы» деген жазу жазылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу