Атырау-Астрахань тас жолы биыл бітпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау-Астрахань тас жолы биыл бітпейді

27.12.2023

Атырау-Астрахань тас жолы биыл бітпейді. Сағызша созылған жоба осы жылы да уақытынан кешікті. Бұл – елдегі 4-ші дәліз. Ресей мен Түркіменстанға шығатын жол. Президент өңірге сапары кезінде аталған бағыттағы жұмыстарды шұғыл реттеуді тапсырған еді. Алайда жұмыс уақытында бітпеді. Оған тиісті материалдардың уақытылы жеткізілмеуі себеп. Келер жылы жоба толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазір 277 шақырымды жолдың 252 шақырымы қолданысқа берілген.

Әлібек Мұханбеталиев, Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

25 шақырымның қазіргі уақытта жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылы республикалық жол толық іске қосылады. Соның арқасында логистика деңгейі 3-4 есе артады деген болжам бар.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу